Жоғары сортты ұн мен кебек шығарады

/uploads/thumbnail/20170709175722092_small.jpg

 

 Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданынң жаңа әкімі Әуелхан Тұрғымбеков ауылдарды аралап, ондағы жай-күймен танысып жүр. Түлкібас – 100 мыңнан астам халқы бар орташа аудан. Таулы өңірде орналасқан. Табиғаты жаңбырлы. Мұнда бау-бақша өнімдері көп өндіріледі. Әсіресе, алмасымен танымал. Мұнда өсірілген алманың дәмі тіл үйіреді. Дегенмен, тек қана алма өндіріп қана қою аз. Ауданда түрлі бау-бақша дақылдарымен қатар, арпа-бидай да өсірулі тиіс. Осы олқылықты жөндеу үшін Түлкібас ауданындағы шаруа қожалықтары мен серіктестіктерге «Агробизнес-202» бағдарламасы мен аясында мол қаражат бөлінді.Осы қаражаттан аудандағы Түлкібас поселкелік округінде «Алтын дән» ЖШС өз үлесін алып, жұмысын қарқынды түрде дамытып келеді. «Алтын дән» ЖШС өз жерінен және өзге де шаруа қожалықтары өсірген арпа-бидайдан түрлі сорттағы ұндар мен кебек шығарады. Зауыт іргесі 1987 жылы құрылған. Зауыт аумағы 11,2 гектарды құрайды, 12 цехы бар. Аудан басшысы зауытты аралап, жұмысшылармен әңгімелесті. Мұнда әр маусыммен 238 адам жұмыс атқарады. Ұнды Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан республикасы тұтынады. Серіктестік басшысы Д.Айкеев зауыттың тыныс-тіршілігін айтып берді. 

 Түлкібас поселкелік округінде 11 743 адам тұрады екен. Олар жиі жұмыс сұрап келетін көрінеді. Мүмкіндік болса, оларды жұмыспен қамтып отырғанын айтты. Қазіргі таңда «Алтын дән» серіктестігі қарқынды түрде өндірген ұн мен кебекке тапсырыс жиі түседі. Көптеген шаруа қожалықтары аталған серіктестіктен үздіксіз кебек алдыртып тұрады. Олар шаруаларға кебекті жеңілдетілген бағамен босатып, шаруаларға бизнесін өркендетуге өз септіктерін тигізіп жатыр. Ал, ұнды аудан ғана, Шымкент, Тараз қалалары да арнайы алдыртып тұрады.  

 

http://rgmedia.kz/

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар