Агробизнес жолындағы өркендеу

/uploads/thumbnail/20170709175731623_small.jpg

 

Елімізде  шағын және орта бизнесті дамыту үшін көптеген бағдарламалар қабылданған. Өз ісін өркендетуді көздегендерге "Үдемелі индустриялды-инновациялық даму", "Бизнестің жол картасы - 2020", "Жұмыспен қамтудың  Жол картасы - 2020", "Агробизнес", "Инвестор 2020" секілді мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсетіп келе жатқан Кәсіпкерлік палаталарының қызметін ескерусіз қалдыруға болмас. Жақында палата қызметкерлері Сарыағаш ауданының тұрғынына өз арманын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Ол мамандардың көмегімен нан цехын ашты. Кәсіпкер 8 жылдан бері бизнеcпен айналысуда. Ас атасы нан пісіруді қалаған Күлипа Оралова 2007 жылы өз наубайханасын ашу туралы шешім қабылдайды. Алайда, алғашында қолға алған ісін жүргізу оңайға соққан жоқ. Бизнес өркендеген сайын кәсіпкер меншікті өндіріс базасы қажеттігін түсінеді. Кәсібін кейейтуді мақсат етеді. «Алғашқы жылдары мекемені жалға алып, екі азаматты жұмысқа қабылдағанмын. Маман тапшылығы мен шикізат уақытылыкелмеуінің арқасында біраз шығынға баттық. Бір адам бірнеше маманның қызметін атқарған болатын. Мұндай қыйындықтардың барлығы бүгінде артта қалды» - дейді іскер әйел. 

Кулипа Оралова бизнестегі мұндай кедергілерді шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиені алу арқылы жеңе білді. Ол 2016 жылдың маусым айында ОҚО Кәсіпкерлік Палатсының Сарыағаш аудандық филиалына жүгінеді. Жергілікті қызметкер кәсіпкерке бизнес-жоспар мен керекті құжаттарды жинақтап несие алуға ат салысады. Аз уақыт ішінде цех қожайыны жылына 4% пайыздық көрсеткішті құрайтын несиеге қол жеткізді. 
Бүгінде кәсіпкердің  кіші нан-зауытында 10 адам жұмыспен қамтылған. Кәіпорын жұмысы жүйелі жолға қойылды. Зауыт өнімін жергілікті дүкендер, емханалар мен балабақша мекелелері тұтынады. Кәсіпорын қуаттылығы тәулігіне 1,0 мың кг ұн немесе 2,5-3,0 мың нан шығаруға қауқарлы.

http://rgmedia.kz/

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар