Әкім шаруа қожалықтарын кооперацияға біріктіру керектігін айтты

/uploads/thumbnail/20170709175741233_small.jpg

 


 Ауылды жерлерде мал шаруашылығы мен мақта, егін шаруашылығын дамыту басты назарда. Аталған шаруашылықтарды дамыту арқылы ауыл әлеуетін көтеруге болады. Ауыл қашанда мемлекетті асыраушы жер. Осыған орай Түлкібас ауданы, Ынтымақ ауылында маңызы бар істер үздіксіз атқарылып жатыр. Мұнда «Қызыл жар» ЖШС бар. Бұл серіктестік ауданды асырап отырған шаруа қожалықтарының бірі десе болады. Түлкібас ауданын жұмыс бабымен аралап жүрген жаңа әкім Әуелхан Тұрғымбеков осы шаруа қожалығына бас сұқты. Серіктестік басшысы Н.Мамыров аудан басшысына өз қарамағындағы ұжымның  тыныс-тіршілігін баяндап берді. Шаруашылық 2 мың гектар жерге арпа мен бидай егеді. Биылғы жылғы өнім жаман емес, әр гектарына 24 центнерден айналды. Шаруашылықта егіннен бөлек, алма мен жүзім өсіріледі. Жылыжай салған серіктестік одан да тұұрақты өнім алып отыр. Мұның бәрі «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатыр. Мемлекет ел бюджетіне салық түсіріп отырған осындай серіктестіктерге өз көмеген беріп келеді.
Жеке кәсіпкер Н.Мамыров қарамағындағы қызметкерлерге және ауыл тұрғындарына үзбей әлеуметтік көмек көрсетіп, аз қамтылған отбасыларына қамқорлық көрсетіп келеді. Қазір серіктестікте 68 адам еңбек етеді. Болашақта мал шаруашылығымен айналысу жоспарларында бар. Оған олардың мүмкіндіктері жетеді. Аудан әкімі осындай ірі шаруашылықтардың дами беретінін айтып, кооперацияға бірігу керектігін айтты.
 Жалпы, Түлкібас ауданы – таулы аудан болғасын, табиғаты өте жайлы. Күз және көктем мехгілдерінде жаңбыр жиі түседі. Сол себепті, мұнда шөп қалың өседі. Алдағы уақытта мал шаруашылығын дамыту жоспарда бар. 
http://rgmedia.kz/

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар