ҚҰДА ТАБАҚ

/uploads/thumbnail/20170709184515022_small.jpg

Құда табақ – қазақтар құдасын құдайдай сыйлайды. Бар құрмет-сыйын көрсетеді, асты-үстіне түседі. Бар жан танімен күтеді. Құдаға арналған табақтың әр жілігін ауыстырмайды, мұқият қадағалайды, етке без-сездерді жібермейді, орнымен, тәртібімен, дәмді етіп тартады. Өйтпесе, құда өкпелейді, ренжиді, құда өкпелесе іс бұзылады, жақсылық болмайды, екі жастың махаббаты баянсыз болады, ас дәмді, өмір мәнді  болмайды деп қорқады. Құда келісімен-ақ үй иелері құрдай жорғалайды, құлдай иіледі, нұр көңілден ийді. Құдаға сойылған мал қой болса, табаққа басын, жамбасын, кәрі жілігін, ортан жілігін, жауырынын, сүбе қабырғасын, арқасын, белдемесін, қарнын, тоқ ішегін, құйрық-бауырын тартады. Өкпе-жүрегін бермейді. Өкпе берсе, құда өкпешіл болып кетеді деп нанады.

          Ал, жылқы болса, шекесін, жал-жая, қазы-қарта, омыртқа, ортан жілік, арқа, қабырғаларын асады. Сиыр болса, жая, омыртқа, арқа, ортан жілік, қарын қимай, белдемесін асады, ірі қара малдың кәрі жілігін, асық жілігін құдаға сыйламайды, тартпайды. Мұны қазақ кәдесінде «құда табақ» деп атайды.

         Қазақ құданы да құлқынымен емес, құрдай жорағалаған құрметті қимылымен риза етеді. Аспа-төк дән мен сәнге, жылы сөзімен мәнге келтіреді. Ыстық ықыласты мәміле жасайды.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар