Ақтөбедегі мұнай өңдеу зауытының аумағын 40 шақты қарулы жасақ қоршап алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Zakon.kz – ке сілтеме жасап.
Ақпарат агенттігіне болған оқиға туралы хабарлаған дереккөз 40 шақты автомат ұстаған, бастарына каска киген арнайы жасақтың мұнай зауытын қоршап алғанын айтқан. Қазір зауыт аумағында арнайы операция өтіп жатқан көрінеді.
Zakon.kz жазуынша, қаланың бірнеше бөлігінде арнайы операция өтіп жатыр. Оған ҰҚК, ІІМ мен Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жұмылдырылған.