Өткен демалыс күндері Алматыдағы ірі кәсіптердің бірін жүргізіп отырған қытайлық Линь Вэйцзиге белгісіз біреулер қастандық жасап, өлтірмекші болған. Бұл жайында caravan.kz сайтында жарияланған болатын. Мақаланың қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.
Бұл жайында Линь Вэйцзи мырза басшылық етіп отырған «Маолин» компаниясының баспасөз қызметкерлері мәлімдеген болатын.
10 желтоқсан күні түнгі 1:40 шамасында беттерін тұмшалар алған белгісіз үш кісі фабриканың шатырымен компанияның жатақханасына баса көктеп кірген. Жүргізушіні ұрып-соғып, байлап, мекеменің бірінші қабатына түспек болған.
Компания директоры Линь Вэйцзи дыбыстарды естіп қалып, екінші қабаттан түсіп қараған кезінде, бетін маскамен тұмшалап алған бейтаныс еркекті көзі шалған. Қылмыскерлер фабриканың мүлкін тонамақшы болған. Линь Вэйцзи мырза ұрыны тоқтатпақ болғанда кәсіпкердің өзіне бас салып, соққыға жыға бастаған. Бірер мезеттен соң екі сыбайласы келіп қосылып, үшеуі бірге жабылған.
Күзет келген сәтте ұрылар дереу іздерін суытып үлгерген, алайда өздерімен бірге ешнәрсе алып кете алмады. Линь Вэйцзи қатты зардап шеккен. Баспасөз қызметкерінің айтуынша, дәрігерлерге кәсіпкердің бетіне бірнеше инелер тығып емдеуге мәжбүр болған. Линь Вэйцзидің қазіргі жағдайы мәз емес – үнемі басы ауырып, тынысы тарылып жүреді екен.

Аударған: Назерке Лабихан