Томас Мордың «Утопиясы» католицизм канондарына қайшы келетін дәстүрлер туралы айтады

/uploads/thumbnail/20170709185049347_small.jpg

Томас Мордың «Утопия» кітабының жарық көргеніне биыл 500 жыл. «Утопия», «антиутопия» деген терминдерді бүгінгі күні білмейтін адам жоқ. «Утопия» тарихы жайлы www.bbc.com/сайтында «Утопияға» 500 жыл: атақты кітап және оның авторы туралы 10 дәйек» деген материал жарық көрді. Материалды қызықты деп тапқан «Қамшы» сайты оны қазақшаға аударып, назарыңызға ұсынады.

1.     «Утопия» этимологиясына тоқталсақ. Бірінші нұсқа бойынша u дегеніміз (емес),  topos деген (мекен) яғни өмірде жоқ, қиялдан туындаған меекн деген мағына береді. Екінші нұсқа бойынша Eutopia-дағы eu «киелі, жақсы» дегенді білдіреді. Демек «киелі, жақсы мекен».

2.     «Утопияның» алғашқы басылымы бельгиялық қалашық Левенда жарық көрген болатын. Оны жарияға шығарған Томас Мордың досы Эразм Роттердамский. «Утопия» латын тілінде сол Левен қаласында дүниеге келгенін де естеріңізге сала кетейік.  1551 жылы автордың туған жерінде ол ағылшын тіліне аударылып, шығарылады.  Ол кезде Томас Мор да, Томас Мордың бас кезінде жанкүйері, қолдаушысы, ақыр аяғында көрсеқызары, жауы король Генрих VIII де бақилық болатын.

3.     «Утопияның» дүниеге келген жері (бельгиялық қалашық) бүгінде «Утопия» мейрамы тойланатын жер. Левенде 2016 жылдың қазанына бастап 2017 жылдың қаңтарына дейін Томас Мор және оның «Утопия» туындысына байланысты көрмелер, театралды қойылымдар, концерттер, экскурсиялар ұйымдастырылуда.

4.     Томас Мор лондондық соттың отбасында туылғандықтан католиктік те, заманауи да білім алған жан. 26 жасында ағылшын парламентінің депутаты мінберіне көтерілген азамат. Томас Мор «Жасырын кеңестің» мүшесі, король Генрих VIII-нің speech writer-і (сөз сөйлеу мәтіндерін жазушы), елші. Дипломатиялық қызмет кезінде ол рыцарь атағына ие болады. Содан соң жалпы Палатының спикері атанып, кейін мемлекеттігі ең маңызды тұлғалардың бірі Лорд-канцлерге айналады.

5.     Король католицизмге жақын болғанда Томас Мормен қарым-қатынасы жақсы болады. 1530 жылы ұрпақ сыйлай алмаған Екатерина Арагонскаямен ажырасқысы келген корольге рим папасы  Климент VII ажырасуға рұқсат бермейді. Жеке мәселеден бастау алған даудың нәтижесінде Англияда католиктің церковьтер мен монастырьлар жабыла бастайды. Генрих VIII  католицизмнен бас тартып протестанттық Англикандық церковь құрады. Анна Болейн мен корольдің үйлену салтанатына церемонияны еретикалық деп бағалап бармаған Томас Мор корольдің қаһарына ілігеді. Соңында Томас Мор мемлекетке сатқын жасады деген айыппен 1535 жылдың 06 шілдесінде басы алынады. 400 жыл өткеннен соң яғни 1935 жылы Томас Мор Католиктік церковтің ұйғарымымен әулиелер қатарына жатқызылады.

6.     Томас Мордың тағдыры көптеген кітап, спектакль, кинотуындылардың өзегіне айналады. 1966 жылы Фред Цинеман Роберт Болттың «A Man for All Seasons» пьесасының желісімен кино түсіреді.

7.     «Утопия» деген кітапта католик Томас Мор католицизм канондарына қайшы келетін дәстүрлер жайын сөз қылады. «Утопиядағы» кейбір тыйымдар (церковь қызметкерлерінің отбасын құруы, әйел-священниктер) Ватикан үшін әлі күнге шейін қозғауға болмайтын жабық қазан күйіндегі мәселе. «Утопиядағы» кейбір дүниелер, мысалы, эвтаназия сияқты (айықпас дертке шалдыққан науқастың өз және жақындары қалауымен жасанды өмірін тоқтату) либералды деген мемлекеттерде ғана рұқсат етілген.

8.     Томас Морға дейін де утопия мәселесі бойынша да шығармалар жазылған. Б.ғ.д. IV ғасырда жазылған Платонның «Республикасы», қытайлық Тао Юаньминның «Персикалық қайнары», араб философы Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» соның дәлелі. Томас Морданнан кейін де утопия мәселесі өзектілігін жоймады.  

9.     Антиутопия деген терминді таза саяси мағынада 1868 жылы ағылшындық философ және экономист Джон Стюарт Милл енгізеді. 1605 жылы ағылшны пеископы Джозеф Холлдың «alter et idem» сатирасын антиутопиялық туынды деуге болады. Сонымен қатар Жюль Вернның «Бегумның бес жүз миллионы», Гербер Уэллстың «Уақыт машинасы» мен «Айдағы алғашқы адамдары», Джек Лондонның «Темір өкшесі», Джордж Оруэллдың «1984-і» антиутопиялық шығармашалар. Джонатан Свифттың «Гулливердің саяхаты» ғана утопия және антиутопия жанрынан құрылған.

10. Утопияны саяси шынайы шындыққа айналдырғысы келгендер көп болды. Мордың принципі бойынша Солтүстік Американың Каролина, Персильвани, Джоджия штаттары құрылады. Джорджияның мемлекеттік құрылымында «аграрлық теңдік» принцип болатын. Оған сәйкес колонистер арасында жер теңдей бөлініп берілетін. Ол жер сосын сатылмайтын және мұрагерлікке берілмейтін. Израильдің киббуцалары әлеуметтік утопияның айқын мысалы. Өткен ғасырдың 60-ы жылдары АҚШ-тың батысында пайда болған хиппи коммундары да утопияның принциптерін негізге алады. Социализмнің утопиялық қағидаларын өмірге айналдырғысы келген КСРО-ның тағдырын жақсы білеміз.

Аударған: Жазира Байдалы

Қатысты Мақалалар