Меруерт Түсіпбаева дүниеге бір ғана бала алып келгеніне өкінетінін және әлі де болса ана атанғысы келетінін айтып берді. Алайда танымал әнші екінші рет тұрмысқа шықпас бұрын балалы болғысы келеді.
Айтуынша, бала болмаса өміріңді біреумен байланыстырудың мәнісі жоқ.
Бұл туралы 31-арнаның “Айта берсін” бағдарламасында берген сұхбатынды айтты.
“Менің көзқарасым өте тамаша. Мен өкінемін бір ғана бала туғаныма. Әрине қарт емеспін. Мен айта кетсем, екінші рет тұрмыс құратын болсам, бірінші бала туып, содан кейін барып қана тұрмысқа шығатын едім. Себебі қазіргі заманда арада бала болмаса, өте қиын. Мен осыны армандаймын”, – деді ол.