Дариға Назарбаеваның жары Рахат Әлиев Қазақстандағы құзіреті мықты әрі миллионер адамдардың бірі бола тұра, Австриялық абақтыда қаза болған. Қазіргі таңда оның өліміне қатысты шындық жария болды: Әлиевке қастандық жасалған.
Немістің медэксперті Бренд Брикман "2015 жылы Вена түрмесінен өлі табылған Елбасымыздың күйеу баласы, миллионер Рахат Әлиевке зорлық көрсетіліп, оны қасақана өлтірген" деген тұжырым жасады. Бұл жайында немістің баспасөз қызметтерінің бірі - Die Zeit газетінде жарияланған.
Брикман бұл тұжырымды Әлиевтің адвокатының нұсқауымен жасаған, осы уақытқа дейін Австрияда қоғамның талқысына түскен Әлиев ісіндегі бұл тұжырым – халық күтпеген жаңалық болды. Эксперттің айтуынша, Әлиевтің ауыз-мұрнын тұмшалап, кеудесінен басып, тұншықтырып өлтірген және де қылмыскердің жалғыз болмауы да әбден мүмкін.
Автсрия елшісі әрі арнайы қызмет басшысы – Рахат Әлиевтің мәйітін 2015 жылдың ақпан айында түрмедегі бақылаушы мен медбике асулы тұрған күйінде тауып алған. 2015 жылдың аяғына қарай Австрия елінің прокуратурасы оның қанының құрамынан белгісіз бір заттардың табылғандығын мәлімдеген болатын. Экспертизалық қорытынды жүргізгендердің екеуі оны өзіне қол жұмсады деп топшылаған.
Бірнеше жылдар бойы Рахат Әлиев Дариға Назарбаеваның жары, Назарбаевтың қарамағындағы адам болды. Ол – парламент сенатының депутаты қызметін атқарған. 2001 жылы Әлиев дипломатиялық келісім жасау үшін бір іске жұмсалады, кейіннен 2007 жылы ажырасып, Әлиевтің үстінен іс қозғалады. Оны «Нұрбанк» коммерциялық банкінің экстөрағасын ұрлап кетті деп айыптады.
Әлиевтке елде төңкеріс жасау мақсатында террористік топпен бірікті деп айып тағып, оны 20 жыл бас бостандығынан айыру жайлы сот үкімі шығарылған болатын. Назарбаев оны Қазақстанға қайтарып алғысы келгенде, Австрияның билігі Әлиевті Қазақстанға қайтарудан бас тартып, елімізде ол жеңіл жазамен құтылып кетуі мүмкін деп күмәнданды.
Әлиев өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Австриялық Profil жұрналына берген сұхбатында Әлиев өзіне не себепті террористік топтың басшысы деп айыпталып, үстінен іс қозғалғандығы жайлы мәлімдеген болатын.
«Менің ең басты қателігім – өзімді Қазақстанның Президенттік тағына ұсынып, Назарбаевтың пікірімен келіспей, басқаша сөйлегенім және де реформаға араласқандығым», - деп айтқан еді. Сонымен қатар: «Назарбаевтың маған шүйлігуі - еліміздегі барлық ірі кәсіпкерлерге жасаған ескертуі болатын, сондықтан да Назарбаевқа қарсы шықпаңдар, олай істеген күні қолдарыңдағы барларыңнан айырыласыңдар», - деп мәлімдеді.
Әлиевтің айтуынша, Назарбаев онымен тілдескен кезде тек өзінің ғана тақта өмір бойы отыратынын ашық жеткізген екен: «БАҚ-ты, бәлкім, ірі кәсіпкерлер бақылайтын шығар, алайда, бұл – менің елім. Қазақстанда барлығы да менің айтқанымды істейді, тек сен ғана маған бағынбадың», - деп өзінің ойын айтқан екен Елбасымыз.
Елбасымызға қарсы шыққан адамның көрер күні осы ма? Ендеше, шындық қайсы және кінәлі кім?
Қамшыгер: Назерке Лабихан