Каирдегі коптардың бас қосатын жерінде жойқын жарылыс болды. Бұл жайында segodnya.ua сайтында жарияланған болатын, мақаланың қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.
Каирдегі бұл жарылыстың салдарынан 20 шақты адам қаза тапты, онға жуығы ауыр жарақаттанып, жедел түрінше ауруханаларға жатқызылды.
Алғашқы уақыттарда 18 адам қаза тапты, 56 адам зардап шекті деп мәлімдеген болатын.
Жарылыс жексенбі күні қатар орналасқан бірнеше шіркеуі бар Аббас қаласындағы коптардың бас қосып, патриархалық қызмет жасайтын жерінде болған.
Алғашында белгісіз біреу шіркеулердің бірінде патриархалық қызмет жасап коптарға қарай жарылғыш зат лақтырып кеткен. Тағы бір мәліметтерде жарылғыш зат сөмкеде болған және де оны қашықтықтан басқарып отырған делінеді.
Египеттік коптар Таяу Шығыстағы христиандардың көп бөлігін құрайды. Жергілікті деректерде 92 млн халықтың 6-10 % құрайды екен. Тек Каирде ғана 163 коптарға арналған мекемелер бар.
Аударған: Назерке Лабихан