Мигрант метрода тұрған бойжеткенді теуіп, баспалдақтан ұшырып түсірген

/uploads/thumbnail/20170709185235394_small.jpg

Берлин метросында белгісіз ер адам алдында тұрған бойжеткенді қасақана арқасынан қатты теуіп жіберген. Қатты соққы алған бойжеткен баспалдақтан оңбай ұшып түседі. Оқиға видео бақылау камераларына түсіп қалған. Бұл оқиға желі қолданушыларының ашуын тудырды деп хабарлайды inform.kz

Қызға шабуыл жасаған жігіттердің мигрант екені айтылуда. Олар құлап түскен қызға назар аудармастан, жолдасы екеуі кете барған.
Осы оқиғаға дейін жәбір көрген 26 жастағы қыз бен шабуыл жасаған жігіттердің арасында ешқандай дау-жанжал болмаған. Берлин полициясы бұл қылмысты денсаулықққа ауыр зақым келтіру деп таныған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.

Қатысты Мақалалар