"Латыш пен орыстар түріктерден шыққан" деген материал бұрын 365info.kz сайтында шыққан болатын. Өзектілігін жоя қоймаған материалды "Қамшы" порталы қазақ тіліне аударып, оқырман назарына ұсынады.
Латвияда Галина Шукенің «Латыштар түрік болған ба?» деген кітап шыққан болатын. Өзінің еңбегінде Даугавпилстың филологы латыш тілі көне түрік тілінен бастау алғанын дәлелдейді.
Біз бәріміз аздап түрікпіз
«Тіл білімі ғылымын зерттеу барысында ұзақ уақыт бойы адамзат бір тілде сөйлеп, пікір алмасқанына көз жеткіземіз. Меніңше, әлемге ортақ қарым-қатынас тілі түрік тілі болған. Түрік тілі барлық тілінің негізі, бастауы сияқты. Латыш та, орыс та, бәріміз аздап түрікпіз сондықтан» дейді Галина Шуке.
Өз ойын дәлел үшін Галина бірнеше мысал келтіреді. Түрік Латвия аумағына Кіші Азиядан ерте заманда келген. Мезолит уақытында пайда болған (б.з.д. 6 мың жыл бұрын) екі елді-мекен соның айқын дәлелі. Балтика маңындағы бірнеше географиялық атау сол кезде туындаған. Латвиядағы Mustkalni «сүйінші хабарды естіген тау» (muštu түрікше «жақсы, жағымды,сүйінші хабар, жаңалық») деген мағына берсе керек. Durupe өзені «қозғалмайтын өзен», себебі түрік тілінде durmak «қимылсыз қалу, қозғалмау», Balupe өзені «бал-өзен», bal сөзі түрікше «бал» дегенді білдіреді. Kurma көлінің атауы түріктің kurmak — құру (kurma — құрылыс) етістігіне келеді. Латыштың «крот»-kurmis деген сөзі де соған байланысты. Džindžas жерінің атауы cinci (қара күшті шақыратын арбаушы) түрік сөзін еске салады. Бағзы заманда әшекей бұйымдар кәріптастан жасалғанын білеміз. Кәріптас болса магиялық күшке ие.
Кәріптастың латынша атауы dzintars. Мұндағы cin (қара күш) және ters (керағар, қарама-қарсы) яғни «қара күшке қарсы шығушы». Латыш тілінің этимологиялық сөздігі аталмыш сөзді –ters: dzinters деп береді.
Ата-баба аруағын латыштар veļi десе, түрік тілінде veli «әулие,жебеуші». «Ата-баба» көне латышса urguči. Түріктерде urgu «Байланыс», -či жұрнағы «бір нәрсеге қатысты болу» деген мағына береді. Ilģi түрікше «байланыс» ретінде аударылса, латыштарда ilģi «ата-баба». Көне латыштың ūsiņš құдыреті түріктің us «сана» сөзімен байланысты-ау. (орыстардың «мотать на ус» деген тұрақты тіркесі «есте сақтау, санаға құю» деген мағына береді, ондағы «ус» та түріктің us-ынан шыққан)
Латыш халқының еі танымал, сүйікті әрі ұлттық есімі — Jānis. Ян күні деген үлкен мейрам да бар. Ол күні алау жағылады. Түріктердің yan сөзі yanmak [janmak] — «жану» сөзінің түбірінен шыққан.
Латыштың Ainаrs, Aigars, Aivars деген есімдері түріктің aj- «ай» деген сөзінен бастау алады. Var түрікше «болу» деген мағына берсе, Aivars «аймен бірге» деген мағына беруі әбден мүмкін.
Латыш сөздігінде Aila деген әйел есімі кездеседі. Түріктерде де Ayla деген есім бар. Sarma деген латыш әйелінің есімі sarmak деген етістікке қатысты болуы ғажап емес. sarmak — «құшақтау», «қамту, қабыстыру» (sarma — тыс, қауыз). Аталмыш етістік сонымен қатар «қамту, ұнату» деген анықтама да береді. Sarma. Есімі осы мағынамен үндес болуы мүмкін.
Түрік тілдерінде oymak [ojmak] — «ағашты жону, ою, кесу» деген етістік ұшырасады, оның oyar [ojar] деген формасы «ағаш жонушы» дегенді білдіреді.. Латыштың Оjārs деген есімі осы етістікпен байланысты-ау. eğilmek етістігінен («белгілі бір іспен, мәселемен айналысу, шұғылдану») латыштың Egils есімі пайда болған сияқты. Varis есімінің этимологиясы «мұрагер» деген мағына беретін түріктің сөзімен байланысты болуы мүмкін.
«Латыш тілі, меніңше, әу баста бірінші болып түрік тілінен бастау алса, кейін оған кештетіп орыс тілі де қосылады. Ғалымдар жалпы славян тілдерінің негізін іздегенде бәрі латыш тіліне тап болған. Орыс тілінде түрік жұрнақтары жетіп жатыр. Латыш тілі де, орыс тілі де түрік тілінің негізінде пайда болған. Алайда латыш тілі орыс тілінен көнелеу болып тұр. Сол себепті орыс тілі пайда болған тұста түрік тіліне емес латыш тілінің лексикасына көп сүйенген. Мен «Көне еуропалық халықтардың түрік этнонимиясы» деген кітаптың авторы, ресейлік ғалым Ю.Н.Дроздовпен танысқан едім. Оның зерттеулеріне сүйенсек, ежелден және Х-ХII ғасырға дейін еуропалықтардың дені түрік тілді болған. Дроздовтың еңбегімен таныса отырып, өз ойларымның негізді екендігіне күмәнім қалмады» дейді Галина Шуке.
Готтар мен прусстар да түріктілді халық болған
«Еуропада ешқандай заманауи еуропалық тілге жатпайтын екі «өлі» тіл бар. Ол «гот» және «прусс» тілдері. Екі тілдің де түріктілді халық болғаны бұрынырақта дәлелденген болатын. Deutsch деп аталатын герман халқы атауының трансформацияға яғни өзгеріске, түрленуге ұшырауы осымен сабақтас. Ежелде герман тайпаларының бірі тевтон деп аталған. Латын транскрипциясында ол Teutones деп жазылса, түрікше Тэутэи (басымдыққа ие тайпа деген семантикамен) деп жазылған. X ғасыр басында ол атау teutiskus яғни қарапайым халық айтуынша thiutisk деген формаға өзгереді. Еуропалық «өлі» тілдер қазіргі тілдердің түрік тілінен бастау алып өзгеріс ұшыраған кезде пайда болған тілдер деген пікір негізсіз емес. Ежелгі германдық, ескі француздық, көне орыс тілдері сияқты «көне» тілдер тілдердің дамуының, өзгеріске қшарауының соңғы фазасы, кезеңі болған» дейдә Юрий Дроздов.
Теңге және динар — дүниежүзілік ақшалар
Екі теория да филолог Александр Котельниковтың «Кейбір шетелдік тиындар атауларындағы славяндық және түрік түбірлер» деген еңбегінде дәлелденеді. «Таньга» («теңге») және «динар» бірліктерііһнің қалай эволюцияға ұшырағанын көрсетеді.
|
АТАУЫ |
МЕМЛЕКЕТ |
МЕРЗІМ |
АТАУ НҰСҚАСЫ |
МЕТАЛЛ |
|
денга |
Русь |
XIV ғасыр |
|
күміс |
|
денежка |
Русь |
1849-1867 |
|
мыс |
|
денарий |
Каролинги |
VIII ғасыр |
пфенинг |
күміс |
|
турондық типтегі денарий |
Ахейя (Грекия) |
XIII ғасыр |
Турнуа деньесі – фр., turnospfennig – нем. |
Биллон (алтын + күміс) |
|
денниг |
Дания |
XVI – XVII ғ. аяғы |
Тропфкопеке |
|
|
денарий |
Рим империясы |
Б.з.д. 213-211 |
|
күміс |
|
денье |
Франция |
X век |
|
күміс |
|
пенни |
Англия |
757 год |
|
|
|
Турнуа деньесі |
Ахейя (Грекия) |
XIII ғасыр |
турондық типтегі денарий, turnospfennig – нем. |
Биллон (алтын + күміс) |
|
денаро |
Италия |
|
|
|
|
денарий |
Мажарстан |
|
|
|
|
динар |
Иран. Югославия |
|
|
|
|
тангка |
Тибет |
1566 |
танга, таньга |
күміс |
|
динеро |
Испания |
|
|
|
|
динэталер |
Албания, Голландия |
Еск.: «талер деньгасы» |
||
|
данаро |
Италия |
X ғасыр |
|
күміс |
|
тенка |
Ресей? |
|
«монета», Афанасий Никитинде кездеседі |
|
|
танька |
Португ. Гоа |
1615 |
|
|
|
тарха |
Испания |
|
|
|
Аударған: Жазира Байдалы