Италия тауларынан 210 миллион жылдық динозавр іздері табылды.
Италияның солтүстік бөлігінде, Сельвио ұлттық паркі аумағында археологтар мыңдаған динозавр іздерін анықтады. Кейбір іздердің диаметрі 40 см-ге дейін, ал кейбірі жас динозаврларға тиесілі. Ғалымдар бұл іздердің просавроподтарға тиесілі екенін, олар топ болып қозғалғанын және кейде қорғаныс шеңберін құрғанын атап өтті.
Тасқа айналған іздер Триас дәуірінде батпаққа қалған іздер, кейін минералдану және геологиялық көтеріліс арқылы сақталып бүгінгі күнге жеткен.
Фотограф Элио Делла Феррера:
«Бұл бізге өз планетамызды және тарихымызды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді»
Ғалымдар бұл орынның шексіз ғылыми қазына екенін атап, оны зерттеу үшін дрондар мен қашықтықтан сезу технологияларын қолдануды жоспарлап отыр.