Жеңіп аптап, қар-мұзың –Қазақстан,
Жалғасады мәңгі ізің –Қазақстан.
Ақ жолыңа қиылсын шыбын жаным,
Екі дүниеде жалғызым – Қазақстан !
деп ақын Ермұрат Зейіпханұлы жырлғандай, екі дүниеде жалғыз тәуелсіз отанымыз ол – қазақ елі, Қазақстан. Әрине тәуелсіздік киелі ұғым, оның жолында төгілен қан мен аққан терді ешкім өлшеп бола алмас. Биыл елмізідің егемендігіне 25 жыл, тәуелсіздіктің көк туын мәңгі желбірете беру үшін оны алдымен өз санамызға және жас ұрпақтың идеологиясына мықтап сіңіруіміз керек. Осыны мақсат тұтқан арнаулы бір іс-шара әл-Фараби атындағы қазақ ұлыттық университеті биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасының 6M011300-биология мамандығында оқитын 2 курс магистранттарының үйымдастыруымен «Тәуелсіздікке 25 жыл» атпен өтті. Аталмыш іс-шараға кафедраның қызметкерлерінен тыс Алматы облысы Төлеби ауылы №37 негізгі орта мектептің оқыушылары қатысты.
Іс-шара мемлекеттік әнұранмен өз шымылдығын ашты. Артынша тәуелсіздікке тамыздық болып тұтанған 1986 жылығы желтоқсан оқиғасында мезгілсіз қаза тапқан қаһармандар еске алнып бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Іс-шараның тізгін ұстарлары болған Тілек Байдаулетұлы мен Жұмаханова Гауһар кезекті «Сандар сөйлейді» жасампаздық шоуына берді. Бұнда магистранттар тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде қазақстанның әр жылдағы ауыз толтырарлық жеткен жетістікері жайлы мәліметтер берді.
Ыдырыс Әлібек