Кейкі батырдың суреті жарияланды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709185254674_small.jpg

Будапешттегі Ұлттық жаратылыстану музейінде қалпына келтірілген ұлт-азаттық қозғалыс батыры Кейкінің (Нұрмағамбет Көкембайұлы) басы елге жеткізілді. Бүгін әлеуметтік желіде тарихшы Берік Әбдіғалиұлы батырдың бас сүйегінің суретін жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.

Тарихшының айтуынша, сурет батырдың бассүйегі негізінде салынған. Сүйекке венгриялық ғалымдар тиісті зерттеулер жасаған. Сөйтіп, Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдық мерейтойына тамаша тарту – батырдың шынайы бет-бейнесі қалпына келтіріліп отыр.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ресейден әкелінген Кейкінің бас сүйегі Венгрияға жіберілген болатын. Онда мажарлық ғалымдар батырдың бас сүйегі арқылы компьютерлік антропологиялық пішінін жасап, кейін мүсіндік кескінін қағазға түсірді.

Батырдың бас сүйегі туған жеріне арулап жерленеді. 

Қатысты Мақалалар