Жайылымдық мал шаруашылығына жақсы көңіл бөлінуде

/uploads/thumbnail/20170709185336807_small.jpg

 

Облыста Қазақ мақта шарушалығы ғылыми-зерттеу институты ашылып,  оның ғалымдары егістіктерде Қазақстанда аудандастырылмаған өзбек мақтасын ауыстырған бес отандық сұрыпты өсіріп шығарған болатын. Қазақстанның жем өндірісін дамыту тарихында тұңғыш рет институтта жоңышқаның «Көксарай» суармалы сұрыбы шығарылды, ол мақта-жоңышқа тұқым айналымын қалыптастыруға негіз болады. «Көксарайға» дейін Оңтүстік Қазақстанда жоңышқаның өнімділігі өте төмен болгарлық сұрыптары егілетін. Тұқымдар көршілес республикадан әкелініп, аудандастырылмады. Жемдік дақылдың нашар өнімділігі шаруалардың оны тұқым айналымында пайдаланудан тартынуына әкеліп, соның нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендей түсті. «Көксарай» жағдайды оңалтты.

         Тағы бір ғылыми мекеме – «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылықтары ғылыми зерттеулер институты» АҚ қойдың жаңа тұқымын шығарды, сондай зерттеулері үшін бір топ ғалым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды. Институтта шөлейттенуге қарсы, аридтік дақылдарды себу есебінен жайылымдардың құнарлылығын сақтау, жайылымдық мал шарушалығының оңтайлы тәсілдерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кеңес дәуірінде ұсақ мал басы бірнеше миллиондап жайылса, қазір олардың саны азайып кеткен. Дегенмен, жағдайдың оңалып келе жатқаны байқалады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жайылымдық мал шаруашылығына көңіл бөлуінің арқасында, ҒЗИ ғалымдары кейбір аймақтарда шопандарға қолайлы жағдай жасауға, зертханалар ашуға, байланыс жүйелерін құруға бағытталған жобаларды ойластырып, жүзеге асыруда. Мәселен биыл мал шаруашылығының бүкіл елдің ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 45,7%. Басым бөлігін ет, сүт және жұмыртқа өндірісі алады. ОҚО шаруалардың зор қызығушылығын тудырған «Сыбаға» фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасы да жақсы нәтиже беруде. Облыстың Оңтүстік өңірлерінің табиғи ресурстары мен экономикалық әлеуетін ескерсек, қазіргі уақытта газдалған минералды сулар өндірісі артты.

Зарина ҚҰЛТАСОВА,

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылықтары ғылыми зерттеулер институты» АҚ-ның қызметкері 

Қатысты Мақалалар