Жақында ғана «Қазақстан» РТРК» АҚ басшылығына келген Кемелбек Ойшыбаев қазақстандықтарға видео құттықтау жолдады.
Ол өз құттықтауында биылғы жылы мектептің бірінші сыныбына барған балалар үлесінің %88-ы қазақ класына барғанын мақтанышпен айтты.
Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде өмірге келді. Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, «Қазмедиа орталығы» бас директорының бірінші орынбасары, «Zaman Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік сатылым дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарған.