Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлдеқайда көп болды.
Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша, Жоңғария қалмақтары қазақтарды әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып, Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі, Нұра өңірін қанға батырып, тоқтаусыз Іледен өтіп, Шелек өзені, Есік көлі, Шу өңірін таптап, қарудың күшімен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды.
Ресейдің отары болған қазақтардың жағдайы
Отарлаушылар қазақты оқытуға құмар болған жоқ. Мақсаты жергілікті халықтың сауатын ашу емес орыс тілін насихаттау, Ресей империясын, тарихын құрметтеп үлгі тұту, салт - дәстүрімен әдет - ғұрыптарын насихаттау болды. Оқу - ағарту жүйесінің барлығы қазақты тәуелді етуге және діні мен тілін өзгертуге бағытталды.
Ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістерге қатысқан қазақтардың күйзелісі
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов жетекшілік еткен ұлт зиялылары жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа басқаша сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, мемлекеттік дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игерді. Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды.
Адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ұлы ашаршылық зұлматы
1931-1933 жылдардағы ашаршылық - Қазақстан тарихындағы ең зұлмат кезең. «Бай-кулактарды кәмпескелеу туралы» 1928 жылы қаулы күштеп тәркілеуге ұласып, кеңестік үкімет байлармен қатар орта шаруалардың малын да зорлықпен тартып алды. Бұл саяси науқан «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен жүзеге асты.
Қолдан жасалған ашаршылықтан елімізде қазақтардың үштен бірі ғана аман қалды.
«Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 миллион 200 мың адамнан, яғни барлық қазақ халқының 48 пайызынан айрылды», - деген тұжырымдама жасады. Кейбір зерттеушілер аштан қырылғандар 3 миллионнан да асып түседі дегенді айтады.
Қазақ «Ақтабан шұбырынды» мен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де дәл мұндай қырғынға ұшырап көрмепті.
Саяси қуғын-сүргін
1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион адам тұтқында өлген. М.Тәтімов “Зұлматтың ауыр зардабы” атты еңбегінде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмеде, ал оның 22 мыңы атылған деп жазады. Қалай десек те, қасіреттің көлемі зор және ол КСРО құрамындағы Қазақстан сияқты отар елге үлкен соққы болып тиді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрбан болған қазақтар
Желтоқсан оқиғасы
Желтоқсан оқиғасы кезінде оған қатысқандарды саяси тұрғыдан ашық қуғынға түсірді. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Дүрбелеңге қатысқан жастар соққының астында қалып, изоляторларда отырды, жұмыстан, партиядан, комсомолдан қуылды.