16 желтоқсан күні Мәскеуде Fight Nights Global жүйесі бойынша қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік Гаджи Рабадановпен шеберлік байқасты. Жекпе-жек 3 раундқа созылып, отандасымыздың қылқындыру әдісі арқылы жеңіске жетуімен аяқталды.
Бұл кездесу - «Найман» деген лақапатқа ие спортшының кәсіби мансабындағы 25-ші жекпе-жегі. Соның 20-сында жеңіске жетіп, төртеуінде есе жіберсе, тек біреуінде тең түскен.