Анкарада өтіп жатқан фотокөрме үстінде РФ-ның Түркиядағы елшісі Андрей Карловты белгісіз біреу атып кеткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz Hurriyet-ке сілтеме жасап.
Дереккөздердің хабарлауынша, қаскөй елшінің көрменің ашылу сәтінде сөйлеп тұрғанында ту сыртынан атқан. Әзіргеоқ атқан адамның радикал исламист болуы мүмкін екені айтылуда.
Жарақат алған елші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Шабуыл кезінде А. Карловтан басқа тағы бірнеше адамның жарақат алғаны хабарланды. Сондай-ақ, шабуыл жасаушының елшінің қорғаушысы ретінде бірге келгені, ұсталғаннан оң қалтасынан полиция куәлігі табылғаны айтылуда.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін хабарланғандай жақын күндері Түркияның Сыртқы істер министрі Мәуліт Чавушоғлы Мәскеуге барып, Сирия мәселесі жөнінде келіссөз жүргізуі керек болатын.