Ресейдің Анкарадағы өкілетті елшісі Андрей Карлов Анкарада "Саяxатшы көзімен Калинградтан Камчаткаға дейінгі Ресей" атты фотокөрмеге қатысу барысында қастандыққа ұшырады. Көрмені Анкарадағы Ресей елшілігі мен Анкараның Чанкая ауданының әкімшілігі бірлесе ұйымдастырған деп хабарлайды Қамшы порталы
Карловты ашылу Салтанатында сөйлеп тұрғанда белгісіз біреу атып, аспанға да оқ атқан. Қонақтар абыр-сабыр күйден жан-жаққа бас сауғалаған. Ауыр жаралы Карлов жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Ал, қастандық жасаушы арнаулы операцияда өлтірілген.
Сыртқы Істер Министрінің ресми өкілі Мария Захарова Ресейден келген елші Андрей Карловқа ұйымдасқан түрде қастандық жасалғанын мәлімдеген болатын.
АҚШ сыртқы істер министрі Түркияда Ресей елшісіне жасалған қастандықты айыптады.