Жендеттің Түркиядағы Ресей елшісін қалай атқаны туралы видео жария болды(видео)

/uploads/thumbnail/20170709190319786_small.jpg

Ресейдің Анкарадағы өкілетті елшісі Андрей Карлов Анкарада "Саяxатшы көзімен Калинградтан Камчаткаға дейінгі Ресей" атты фотокөрмеге қатысу барысында қастандыққа ұшырады. Көрмені Анкарадағы Ресей елшілігі мен Анкараның Чанкая ауданының әкімшілігі бірлесе ұйымдастырған. 
Карловты ашылу Салтанатында сөйлеп тұрғанда белгісіз біреу атып, аспанға да оқ атқан. Қонақтар абыр-сабыр күйден жан-жаққа  бас сауғалаған. Ауыр жаралы Карлов жақын маңдағы аурузанаға жеткізілгенімен қайтыс болды. Ал, қастандық жасаушы арнаулы операцияда өлтірілген.

Әзірге оқиғаны АҚШ-тің сыртқы істер министрлігі айыптап үлгерді. "Қамшы" порталы оқиға туралы оқырмандарын ақпараттандырып отыратын болады.

 

Қатысты Мақалалар