Қастандық болғанына қарамастан Ресейдегі 3 жақты кездесу өтеді – Дума өкілі

/uploads/thumbnail/20170709190320986_small.jpg

«Қамшы» порталы оқырмандарын Ресейдің Түркиядағы өкілетті елшісінің Анкарада қастандықпен өлтірілгендігі туралы ақпараттандырған болатын.

Оны атып кеткен жендет арнаулы жасақпен 15 минуттай уақыт атысып барып, арнаулы жасақ қолынан қаза тапқан.

Ресей елшісімен қоса 3 кісі жараланған.

Шабуылдаушы оқ атпастан бұрын «Иа Алла, Бісміллә, Сириялық бейбіт тұрғындарға бомба жаудырдыңыз, Сирияның кегі алынады» деп айқайлаған. Ол жалпы саны сегіз рет оқ атқан.

Оқиғаның соңынан, Москвада өтуге тиісті Ресей, Түркия, Иран арасындағы Сирия мәселесіне байланысты жиын кейінге қалдырылмайды деп мәлімдеді Ресей Мемлекеттік Думасы.

Ал, Түркияның Сыртқы істер министрі Мәуліт Шауышоғло болса сол уақытта Ресейге жол жүріп бара жатқан.  

Қатысты Мақалалар