Швейцарияда мешітке шабуыл жасалып, 3 адам жараланды

/uploads/thumbnail/20170709190339955_small.jpg

Швейцарияның Цюрих кентінде мешітке шабуыл жасалып, 3 адам жараланған. Жергілікті полиция таратқан ақпаратқа сай, кісі өлімі орын алмады.

Шабуылдаушы 30 жастағы азамат болған. Жараланған азаматтар болса 30, 35, 56 жастағы азаматтар.

Оқиға өткеннен кейін таяу маңнан белгісіз адамның  мәйіті табылған. Әзірге өлімнің мешітке жасалған шабуылмен қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Habertürk таратқан ақпаратқа сай, мешітке жиі келетіндер түрік болған. Әрі мешітті бұрынырақ түріктер ашқан. Қазіргі уақытта Сомали елінің азаматтары мешіт әкімшілігінде екен. Жараланған азаматтар да Сомали азаматтары болып шықты.

Оқиға орын алған Islamisches Zentrum мешіті ғибадатқа уақытша жабылып, полиция тарапынан мөрленді. Қазіргі уақытта қылмыстың анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Қатысты Мақалалар