Ракты емдейтін жаңа әдіс шықты

/uploads/thumbnail/20170709190341123_small.jpg

Хирургтар, простатит рагының бастапқа кезеңінде емдейтін жаңа әдіс туралы мәлімдеді деп хабарлайды bbc.com. Ол бойынша ісікті лазер арқылы жойып, судың терең түбіндегі бактериялардың негізінде жасалынатын арнайы дәрімен емдейді. Аталмыш әдіс 413 ер азаматқа тәжірбие ретінде қолданылды. Олардың жартысына жуығында аурудың ізі де қалмаған.

Жаңа емдеу әдісінің кері әсері де жоқ. Дәстүрлі емдеу әдісі -  хирургия мен сәулелік терапия әдетте импотенция мен тежей алмауға алып келеді. Сондықтан онкологиялық ауруға ұшыраған ер адамдар бірден емді бастап кетпей, ісіктің агрессивті түрде даму мүмкіндігін бақылайды.

Медиктер, жаңа әдіс жағдайды толықтай өзгертетініне сенімді.

Жаңа емдеу әдісінің аясында қолданылатын дәрі теңіз түбінде, қараңғыда өсетін бактериялардың негізінде жасалынады.

Лазер ісікке қарай беттейді де оларға жарық түскеннен кейін, бактериялар жандана түседі де рак клеткаларын өлтіреді.

Емдеудің аталған әдісі тек аурудың бастапқы кезеңінде қолданылады. Қазір ол Еуропада сыналып жатыр.

Жыл сайын Британияда 46 мың ер адамда простатит рагымен аурады. Оның 11 мыңға жуығы одан қайтыс болады. 

Қатысты Мақалалар