Мемлекеттік бюджетке 5,8 трлн теңге кіріс түскені хабарланды

/uploads/thumbnail/20170709190357571_small.jpg

Мемлекеттік бюджет бойынша асыра орындау сомасы 396 млрд теңгені құрады, республикалық – 255 млрд теңге, жергілікті бюджет бойынша – 141 млрд теңге.

«11 айдың ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,8 пайызға мемлекеттік бюджет кірістері бойынша өсім байқалады. Республика бойынша – 41,1 пайыз және жергілікті бюджет бойынша – 13,6 пайыз өсім», – деді Б. Сұлтанов. Бұл туралы Премьер-министр сайты хабарлады.

Жалпы мемлекеттік бюджет кірістері 107,3 пайызға, республикалық 106,6 пайызға, жергілікті 109,1 пайызға орындалды. Спикердің айтуынша, жыл қорытындысы бойынша шамамен 250-300 млрд теңгеге салық түсімінің айтарлықтай асыра орындалуы күтілуде.  «Бұл Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті тартпауға мүмкіндік береді», –  деді Қаржы министрі.

Мемлекеттік бюджет шығындары шамамен 9 трлн теңгеге жетіп, 20 пайызға артты. Игеру қарқыны өткен жылмен салыстырғанда жақсырақ. Мемлекеттік бюджет шығыны 97 пайызға, республикалық 98,2 пайызға және жергілікті 96,6 пайызға орындалды.  Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығынын орындау 98,6 пайыз шамасында күтілуде.
 

Қатысты Мақалалар