Пекин әуежайында 200-ге жуық рейстер тоқтатылды. Бұдан бөлек қытайлық астананың билік өкілдері ірі көлік желісінің қозғалысын да тоқтатты. Бұл Пекиннің қалың түтінге орануына байланысты болып отыр. Әсіресе, Пекиндегі ауыр жағдай қыс мезгілінде өнеркесіп мекемелерінің зиянды заттарды көптеп шығаруы кезінде орын алады.