Әлемнің экс-чемпионы, американдық боксер Кори Спинкс өзінің отандасы Даниэл Джейкобстың WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жегінде оның жеңіске деген мүмкіндігін бағалады деп хабарлайды vesti.kz.
Оның айтуынша Головкин Джэйкобстан әлде қайда күштірек. Алайда американдық жекпе-жекті қатесіз өткізсе, жеңуі мүмкін деп болжаған.
«Мен Дэнниге қарсы ештеңке айтқым келмейді. Бірақ ол Головкинді жеңе алмайды. Головкин оған мықты соққы беретіні анық. Дэнни сол соққыларды қалай қабылдайтынына байланысты. Головкинді жеңуге болады. Жеңілмейтін адам жоқ».
Сонымен қатар Кори оған бірнеше кеңесін де айтты.
«Головкин деген құбыжықты өзіңнен алшақ ұста. Онымен жақын ара-қашықтықта болғанда түрлі айланы пайдалану керек. Себебі ол сені дәл осы қашықтықта ұстағысы келеді. Қателіксіз, кіршіксіз жекпе-жек өткізу керек».
Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорк қаласында, Madison Square Garden аренасында өтетінін еске саламыз.