Украиндық депутат Түркиядағы Ресей елшісін өлтірген адамды «батыр» деп атады

/uploads/thumbnail/20170709190407152_small.jpg

Владимир Парасюк Анкарада Андрей Карловқа қастандық жасалғанына байланысты пікір білдірді.

Украина Жоғарғы Радасының фракциядан тыс депутаты Владимир Парасюк РФ Түркиядағы елшісін өлтірген адамды "батыр" деп бағалады.

"Егер адам өз басын қатерге қойып, идея үшін, шындық үшін мұндай әрекеттерге барса, онда оны нық сеніммен «батыр» деп айтуға болады", – деді әлеуметтік желілерде саясаткер.

Жазбасына пікір білдіре келе, ол Андрей Карловты өлтірген жендетті өз халқының қаһарманы екенін тағы да алға тартты. Парасюк бұл оқиға кінәсі Ресейге артылатын «Алепподағы мыңдаған өлім саны» үшін есеп айырысу екеніне сенімді.

 

Қатысты Мақалалар