Ар отына күйе білген - тозақ отына шай қайнатады

/uploads/thumbnail/20170709190405909_small.jpg

«Қамшы» порталы жазушы Тыныштықбек Әбдікәкімұлының өз жанынан шығарған  «мәтел мен мақалдарын» оқырман назарына ұсынады. Жазушы кесімді сөздерін өзінің facebook-тегі парақшасында үзік-үзік жариялады.

Сақалыңа қасиет бітпейді, санаңа бітеді. 
Сақал - теке тұрмақ, ешкіде де бар.

***

Түзудің көлеңкесін түсетін жері қисайтар.
Түзудің сөзін түсінбейтін елі қисайтар.

***

Ақылы мұзданған - аяз күрсінеді.

***

Жылай алмай жүрсең, еліңді ойла.

***

Ақымақ аяқ тәж кисем деп те армандайды.

***

Тас сорпасы мүк татыр.

***

Өзіңді құтқарар қайыққа, тіліңді де ескек етерсің.

***

Ар отына күйе білген - тозақ отына шай қайнатады.

***

Қызды тыйма, сайтанын тый.

***

Зарыққан түнек жарық туады.

***

Сайтаныңа ие бола алмасаң, ол саған қожа болады.

***

Аспан жолын қайтқанда көресің.

***

Құдай иелігінде меншік жоқ.

***

Сөз - кісі де өлтіреді.
Өліге дем де салады.

***

Мыйды таныған - Күнді таниды.

Қатысты Мақалалар