Мемлекеттік радиолар бір орталыққа біріктірілді

/uploads/thumbnail/20170709190404542_small.JPG

«Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары бір орталыққа біріктірілді. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК басшысы Кемелбек Ойшыбаев әлеуметтік желіде хабарлады.

«Құрметті достар!

Еліміздегі радионы дамыту максатында "Қазақстан" ТРК қарасты радиоларда өзгеріс бар. Қазақ радиосы, "Шалқар", "Астана", "Classic" радиолары "Республикалық радио" ЖШС-не біріктi, 1 қантардан жаңа серiктестiк жұмысын бастайды. Министр Даурен Абаевтың келiсiмiмен ұжымның басшылығына БАҚ саласында 20 жылдай қызмет еткен, белгiлi журналист Өтеғалиев Досымбектi таныстырдым. Радиолардың басшысына бірқатар тапсырма жүктедім, басты мақсат Қазақ радиосымен Шалқар радиосының рейтингтерiн бiрiншi орындарға шығарып, тыңдармандардың саның көбейту. Сәттілік тілеймін!», - деп жазды ол өзгерістер турасында.

Досымбек Өтеғалиев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (1999) журналист мамандығы бойынша бітірген және осы университеттің осы мамандық бойынша магистратурасын (2001) тәмамдаған.

1997-2001 жылдары - «Шахар» ТРК телерадиохабарларының жүргізушісі.

2000 жылдан - «Южная столица» ТРК журналисі жаңалықтар жүргізушісі.

2001-2004 жылдары - «Хабар» агенттігінің жаңалықтар жүргізушісі және продюсері.

2005 жылдан - «31 арна» ТРК «Информбюро» бағдарламасының жүргізушісі, шығарушы редакторы.

2008 жылдан - «Алматы» ТРК Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының директоры, 2009 жылдан –аталған телеарнаның продюсері.

2010 жылдың қаңтар айынан бері - «ЗАҢ» Медиа-корпорациясы» ЖШС президенті қатарлы қызметтерді атқарған.

Қатысты Мақалалар