Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкерінің денесі Мәскеудің оңтүстігіндегі пәтерде табылды, деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарының сөзіне сүйеніп.
Оның сөзінше, ол кісі мекемеде бұрын қызмет атқарған, алайда соңғы күндері жұмыссыз жүрген. Қайтыс болған адамның қасынан травматикалық тапанша мен гильза табылған.

СІМ-нің баспасөз қызметі денесі Балаклавский даңғылындағы пәтерде табылғандығын айғақтайды. Әзірге істің жай-жапсары белгісіз.