Елімізге танымал бірнеше радиолар ендігі кезекте бірігіп жұмыс жасайтын болады. Бұл жайында Кемелбек Ойшыбаев өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Құрметті достар!
Еліміздегі радионы дамыту максатында "Қазақстан" ТРК қарасты радиоларда өзгеріс бар. Қазақ радиосы, "Шалқар", "Астана", "Classic" радиолары "Республикалық радио" ЖШС-не біріктi, 1 қантардан жаңа серiктестiк жұмысын бастайды. Министр Даурен Абаевтың келiсiмiмен ұжымның басшылығына БАҚ саласында 20 жылдай қызмет еткен, белгiлi журналист Өтеғалиев Досымбектi таныстырдым. Радиолардың басшысына бірқатар тапсырма жүктедім, басты мақсат Қазақ радиосымен Шалқар радиосының рейтингтерiн бiрiншi орындарға шығарып, тыңдармандардың саның көбейту. Сәттілік тілеймін!"

