Түркиядағы Ресей елшісін өлтіру барысындағы таңқаларлық кадрлардың авторы: «Мен мұны трюк деп ойладым»

/uploads/thumbnail/20170709190420839_small.jpg

Associate Press фотографы Бурхан Озбилиджи Анкарадағы ресейлік елшінің өлтірілуінің куәсі болды және шабуылдан кейін оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берді.

«Калининградтан Камчаткаға дейін саяхатшылардың көзімен» деп аталатын көрмеге фотограф «үйіне жол-жөнекей» болған соң, кіре салған.

Фотографтың сөзінше, «бұл стандартты шара» болған.

«Сондықтан қара костюмдегі, галстук таққан ер адам тапаншасын шығарған сәтте мен таң қалдым, бірақ көңіл аударту үшін жасалған трюк деп ойладым. Шын мәнінде, бұл алдын-ала жоспарланған қанды-қол қылмыс. Барлығы менің және басқа адамдардың көз алдында болып жатты. Елші өлтірілгеннен кейін әрқайсысы тығылуға пана іздеп, абыр-сабыр болып кетті, – дейді фотограф.

Озбилиджи: «галереяда кем дегенде сегіз атыс болды. Қонақтар жерге жатып, үстелдердің астына тығыла бастады» деп баяндады.

«Мен қорыққанымнан абыржып қалдым, бірақ қабырғаның артына тығылып, өз жұмысыммен айналыстым: суретке түсіре бастадым»,– деп жалғастырды сөзін дәл Андрей Карлов сөз сөйлеп жатқан кезінде кіріп келген фотограф.

«Ол ақырын сөйледі – Отаныма деген махаббатпен – менің естіп қалғаным бойынша,– деді Озбилиджи Карлов сол мезетте өзіне аса байсалды және қарапайым көрінгенін қоса айтып.

«Артынша атысқа ұласып, дүрбелең басталды».

«Менің көз алдымда адам ажал құшты, оның өмірі көз алдымда бітті, болған нәрсені түсіну үшін бірнеше секундтар кетті»,– дейді фотограф.

Қатысты Мақалалар