Ресейдің Қырымға көрсеткен басқыншылық әрекеті мен Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыс үшін Ресейге салынған санкциялардың мерзімі ұзартылатын болды. Бұл ақпарат Еуро Одақтың ресми журналында жарық көрді.
Санкцияны 2017 жылдың 31 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім, ол журналда жарияланғаннан кейін келесі күні күшіне енеді. Негізінде санкцияның мерзімі 2017 жылдың қаңтар айында бітуі керек еді.
Брюсселде өткен саммиттен кейін, санкцияны ұзарту туралы ресми емес ақпарат шыққан. Алайда, ешкім оны растамаған.
Ресей шенеуніктері, кәсіпкерлері, саясаткерлер мен әскерилеріне қатысты жекеленген санкциялар қыркүйек айында ұзартылған. Наурыз айында оның мерзімі бітеді. Санкцияға іліккендерге бір жыл бойы Еуро Одаққа кіруге рұқсат етілмейді және олардың еуропалық банктердегі шоттары тоқтатылды.
Еуро Одақ Ресейге қатысты алғашқы санкцияларды 2014 жылы көктемде енгізген. Ол Қырымға деген басқыншылық әрекетіне байланысты салынды. Санкция нысаны мемлекеттің өзі емес, Брюсселдің ойынша болған оқиғаға қатысы бар жекеленген адамдар болды. Уақыт өте келе олардың тізімі толыға берді.
Сонымен қатар Еуро Одақ Ресейдің Украина шығысындағы текетіресіне байланысты қосымша санкция енгізді. Бұл жолы ресейлік экономика-қаржы, энергетикалық және қорғаныс саласына салынды.
Батыс, Донбастағы шиеленісті Мәскеуден көреді. Ал Ресейдің өзі оған ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.
Ресей де санкция енгізген елдерге қатысты шектеу шараларын қабылдады. Кейбір елдердің ауылшаруашылық өнімдерін кіргізуге шектеу қойылды.