Қамшы десе көз алдымызға өрімдері білеудей, сабы жұмыр ағаштардан, көбінде тобылғыдан жасалған қарапайым малшы құралы елестейтіні анық. Әр қазақтың төрінде тұруға тиіс осынау құрал бүгінгі сипаты сәндік үшін сиақтанып, түсті металдармен қапталып, ою- өрнектер салынған әшекейлі түрлері мұражайлармен ұлттық сувенир орталықтарынан ғана ұшырасады қазыр.
Қазақтың сәлемімен қатар жүретін аталған ат әбзелі саналатын көлік құралы мал басында ғана емес, аңшылықта, тіпті соғыста да пайдаланылған. Дана қазақта қамшы құралы бала тәртиесіндеде маңыздылығы бар дүние. Маңыздылығы сол баланы бес жасына дейін патышаңдай сила, одан он бесіне дейін құлыңдай жұмысқа жек, он бесінен кейін досыңдай сырлас дейтін тағылымды ұстананатын қазақ халқы балам жаман болын деп емес, жүгенсіз кетпесін деп сотқарлығы танылған баланың құлағына осы қамшының көмегімен ақылын құйған. Құлақсыздық танытса сарт еткен қамшымен қатар жауырыны ашып, санасына сіңетін атаның ақылын көңіліне түйетін баба қазақтың жонған жебесі далаға кетпеген. Сондай- ақ ұлтымызда қамшыгерлік өнері де батырлықтың дара үлгісі болған, мал шетіне тиген барымташыларға шоқпарын қамдап үлгертпей, тұмақтай ұшыратын жылқышының қаруы тиген жерін тіліп түсетін осы қамшы саналған. Он қабатталған өгіз терісін қамшыны бір салғанда- ақ қақырата сөгетін қамшыгерлер туралы аңызға айналып бара жатқан әңгімелер халық арасында көп- ақ. Әкенің қатал сынақтарынан шымыр да қайсар боп жетілген ұлан атаның ғана емес, тұтас елдің баласы, қорғаны болғаны әрине ақ үрпек кезінде қалай баулуына байланысты. Халқымызда ер бала отбасында әкеге көмекші болып, сырттағы шаруаларына болысып, жұлдызды аспан астында мал күзетісіп, асау үйрету, аң аулау сынды төзімділікке баулитын жиындарда азамат боп танылса, қыз бала әрине анасынан тәрбаие алып, жасау- жабдығының кестелі әшекейлерін өзі дайындап, жеңгелердің сырласы бола жүріп болашақ ана болуға дайындалған. Қырық үйден тиым делінітін нәзік жандыларға арналған арнаулы заңға қатал бағынып, әкенің бетіне тік қарамай, анасына тік сөйлемей өсетін кешегі апаларымыз алды жиырма құрсаққа дейін көтеріп, ұлттың тұтқасын өз отбасының анасы болуы арқылы ұстап, бір ұрпақты бір ұрпаққа жалғағаны анық. Әрине халық болашағы ұрпақтың саналылығына, тектілігіне байланысты. Сондықтан да болашағының жарқын болғанын қалаған халқымыз бала тәрбиесіне бейжай қарамаған.
Тарихында жетімі, жесірі болмаған, түрмесі болмаған, бір бала жоқ бала, екі бала жарты бала, үш бала бүтін бала деп, үйдің базарын бала деп бағалаған қазақ өзіндік дала заңына бағынып отырса, бүгінде ұлттық құндылықтан, ұлттық болмыстан бүтінге жуық айырылғанымыз өкінішті -ақ. Орыстандыру саяасаты түбімізге жетті деп кеңес үкіметін кіналап келіп ек, тәуелсіздік алған соң да еңсемізді көтеруге талпынып тұрғанымыз шамалы. Елімізде айтуға аузың мүлде бармайтын статистикалар бар, төрт жүз мыңға жуық адам түрмеден орын тепсе, оның басым бөлігі жастар болуы, тіпті жарық дүниенің дәмі жазбай тар құрсақ ішінде тұншықтырылған мыңдаған тағдырларға кінәлі жаулықсыз әйелдер, ойнақтаған қыз ғұмырында некесіз туған он мыңдаған, шетелге сатылған мыңдаған бала, қазақтан жігіт таппай, қытай мен түріктерге қатын болған он мыңдаған қыздар, есірткіге құл болған, арам суға мастанған, қолын шошайтып өзге дінге енген сан мыңдаған қара көздер... бәрі- бәрі жүрегіңді ауыртады- ақ әттең... Он- ақ миллион қазақ үшін бұл сандар үлкен қасырет. Қыздарымыз үлкенді үлкен деп силамай, бір десе екі деп беттен алып, жалаңаш жүрсе оны ұят деп санамай, жолдан тапқан шаранасын қоқысқа лақтырып, шылымды бұрқыратып жүрсе, ұлдарымыз қызды қарындас деп санамай арын таптап, атасы аузын шаймаған арам суды сылқиа ұрттап, әскерге барса інісіне әлімжеттік жасап, ұсақталып кетуі, ұрпақтың осылай жүгенсіз кеткеніне кінәлі бәріміз кінә аударып құтылытын “батыс” емес, тәрбиеміздің таяаздығы болса керек.
Тарих бетінен ұлт болып жоғалып кетпеуіміз керек десек ертеңге жеткізетін ұрпақты жөнге салуымыз керек. Тәрбие қамшысын ұлт болып ұрпақты ашындыра салмасақ, қасыретті статистикалар арта түспесе кемімесі кәміл. Қоғам дейтін көліктің тізгінін ұстаған биліктегі билеушілердің қолындағы заң дейтін қамшымызда солқылдық тартып сілтер тұсына сілтенбесе алға басып кетуіміз тағы да екіталай...
Нұрғали Нұртай
Пікір қалдыру