Ұлттық қордан баланың шотына ақшаның түскен-түспегенін қайдан және қалай тексеруге болады?

/uploads/thumbnail/20250131124223511_big.webp

Қаржы министрлігі "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасы бойынша баланың шотына ақшаның түскен-түспегенін қайдан және қалай тексеруге болатынын түсіндірді. Ведомства есептеу туралы ақпарат 1 ақпанда сайтта пайда болатынын айтты.

Қазақстандық балалардың есепшотына барлығы 888 миллион доллар аударылады. 

"Баланың бағдарламаға қатысуы және есептелген сомалар туралы ақпаратты баланың ЖСН-ін көрсетіп, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады. Онда сіз бағдарламаның шарттарын оқып, нұсқаулар мен сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Балаға есептелген қаражат туралы мәліметтерді egov.kz порталындағы жеке кабинеттен және Halyk және Kaspi.kz қосымшаларынан көруге болады", – делінген хабарламада.

Биыл төлемді 6,9 миллионнан астам адам алады (2007-2024 жылдар аралығында туған). Оның 300 мыңнан астамы 2025 жылы 18 жасқа толады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар