Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Өмірзақ Айтбаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорда Баспасөзі.
Кездесуде Ө.Айтбаев Қазақстан Президентіне «Қазақ тiлi» халықаралық қоғамының жұмысы туралы баяндап, мемлекеттің қазақ тілін қолдау саласындағы маңызды рөлін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ө.Айтбаевқа алғыс айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады
Мемлекет басшысы әңгіме барысында А.Қалықовқа ел игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.
Ұлы Отан соғысының ардагері өз сөзінде республикамыздың тәуелсіздігін нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру ісіндегі Елбасының баға жетпес еңбегін атап өтті.
