Алматы қаласындағы Наурызбай ауданында орналасқан №157 мектепте әнші Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залы ашылды. Бұл жөнінде әншінің директоры Фариза Спандиярова өзінің инстаграм парақшасында қуанышпен хабарлады.
«Бүгін бізде тағы бір қуанышты жаңалық. Наурызбай ауданындағы, нөмірі 157-ші мектептің ішінен Ұлы Дала баласы - Төреғали Төреәлі атындағы “Мәжіліс залы“ ашылды. Ендi мектептің барлық іс-шаралары осында өтетін болады» деп жазды Фариза ханым.
Оның айтуынша, мектеп басшылығы тарапынан Төреғалиға ұсыныс жасалған. Әнші оны қуана қабыл алып, 15 желтоқсанда ашылу салтанатына қатысты. Ән айтып, №157 мектептің оқушылармен қауышты.

Әнші бұған дейін де аталмыш мектеп оқушыларымен 1 қыркүйекте кездескен еді.
Енді мектептегі түрлі іс-шаралар мен мерекелік концерттер «Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлінің атындағы мәжіліс залында» өтеді екен. Аталмыш залды ашу идеясын оқушылар мектеп басшылығына ұсынған. Олар балалардың ұсынысын қабыл алып, Алматы қаласының әкімдігімен келісе отырып «Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залын» ашты.