Мексикадағы Сан-Паблитодағы от шашу жәрмеңкесінде жарылыс салдарынан құрбан болған адамдардың саны 29-ға дейін артты. Ондаған адамдар жарақат алған. Бұл туралы Мексиканың жергілікті биліктері хабарлап отыр.

Оқиға орнында жаралыларға көмек көрсету үшін ондаған дәрігерлер мен полицейлер қызмет көрсетіп жатыр.
13 баланың 90% денесі күйіп қалған. Олар АҚШ-ға емделуге жіберілді, деп хабарлады Мехико штатының губернаторы Эрувиель Авила.
Авила кінәлілер жазасыз қалмайтынына және от шашудан зардап шеккен үйлерге көмек тесетінін айтып, уәде берді.

Жарылыс Мехикодан солтүстікке дейін 32 км жерде, Тултепек қаласында орын алған.
Сан Паблито базары 2005 жылы қыркүйекте оттың өршуінен қатты зақымдалған болатын. Ол кезде де ондаған адамдар зардап шекті.