Депутат Тiнiкеев ауруханаға түсiп қалды

/uploads/thumbnail/20170709190532462_small.jpg

Мәжiлiс депутаты Мұхтар Тiнiкеев ауруханаға түсiп қалған. Бұл туралы журналистерге оның әрiптесi, экология мәселелерi және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский мәлiмдедi, деп хабарлады Baq.kz тiлшiсi.

 

«Ол ауруханада. Бұл тексерiс бүгiнге жоспарланған. Оның жүрегi ауырады. Кеше таңертең өткен комитеттiң кеңейтiлген отырысына қатысты. Сағат үште жұмыс тобының отырысын өткiздi. Жиырма минутсыз төртте ауруханаға кеттi», - деп хабарлады Щегельский.

Ол барлық сұрақтарға жағдайдың мән-жайы толық анықталғаннан кейiн жауап беремiз дедi.

 

 

Қатысты Мақалалар