КІШКЕНТАЙ БАНА АЛЕППОДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ «TWITTER» АРҚЫЛЫ БАЯНДАП ОТЫРҒАН (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709190534349_small.png

Бана есімді 7 жасар қыз өзінің «Twitter» парақшасына қыркүйек айынан бастап Алепподағы күнделікті өмірін жазып отырған. Алепподағы жарылыстар мен қиын жағдайларды суреттеуге анасы көмектескен.

Қызы мен анасы жазбаны ағылшын тілінде жазды. Онда Владимир Путин мен Башар Асадтың бомбалауын әшкерлейтін жазбалар да бар. Алайда, ресейліктердің арасында оны басқа біреу әдейі жазып отыр деп сынағандар да болды. Енді бірі Алеппода ғаламтордың барына күмән келтірді. «Twitter»-де «Алеппо халқы тамаққа зәру болып отырғанда, телефон мен жарықты қайдан алып отыр?», «Телефонын қалай қуаттайды?» деген сауалдар көп қойылған. Мәселенің анық-қанығын білу  үшін «Bellingcat» сайтының журналистері зерттеу жүргізді. Бананың парақшасында жарияланған суреттердің барлығы Шығыс Алепподағы бір ауданда түсірілгені белгілі болды. Ал ұялы телефонды үйдің шатырында орналасқан күнмен қуатталатын аккумулятор арқылы қуаттап отырған. Сонымен қатар Алеппоға ғаламтор жүргізілгені де белгілі болды. Бананың анасы 3G немесе wifi арқылы   ғаламторға кіргенін айтып берді. Мұның барлығы «Sept à huit» телеарнасында көрсетілді.

Қазір Бана мен оның анасының парақшасына 300 мыңнан аса адам жазылған. «Twitter»-дегі жазбаларынан кейін, Бана мен оның отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. 

Небәрі 7 жасында Бана жан жарасымен әлеммен бөлісті. Соның арқасында отбасын қауіпті аймақтан шығара алды. Бұған дейін пәкістандық Малала Юсуфзай 14 жасында өзінің оқу құқығы үшін күресті. Сол үшін талибандардың тарапынан жазаланды да. Ешқандай қарсылықтарға қарамастан мектепке барып, білім алған Малала Нобель сыйлығын алды. Ол Нобель сыйлығының тарихындағы ең жас лауреат атанды. 

                                                                                                                                                                                               Қамшыгер: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар