Мұхтар Тайжан мен Геройхан Қыстаубаевтың арасы тағы ушықты

/uploads/thumbnail/20170709190536211_small.jpg

Жер дауы туғанда «Жер комиссиясына» қатысқан, қазақ тілі мен ұлттық мәселелерге үн қатып жүрген Мұхтар Тайжан мен Геройхан Қыстаубаевтың арасы тағы ушықты.  Оны сотқа берген Мұхтар Тайжан былай деп жазды:


«Жұрт сұрап жатқаннан кейін ашық мәлімет беріп отырмын. Иә, мен бұрын айтқандай Геройхан Қыстаубаевты маған жала жапқаны үшін сотқа бердім адвокат арқылы. Мен 8 дихандардың 500 тонна (35 млн тг) жеп қойдым деп жазды, тек қана ФБ-та емес, арнайы мақала жазды. Бұндай айыптау мен үшін өте ауыр. Одан басқа Генпрокурорға менің үстіме арыз жазды, ДВД-да жарты жыл маған қатысты қылмыс іс ашық тұрды. Бірнеше рет Қапшағайға барып түсініктеме беріп жүрдім бір жап-жас тергеушінің алдында.

Қыстаубаев жазған фактілер жалған болғандықтан ДВД қылмыс істі бір емес екі рет жауп жүрді. Бірақ қыстаубаевтар қоймай генпрокурорға арыз жазды. Сол арам тірлігі үшін мен билік секілді медаль бере алмаймын, бірақ сотқа бердім, енді соттың алдында жала жапқаны үшін жауап берсін. Айыппұл сол баяғы 3 млн тг қойдым, жеңіп шықсам, Шеңгелді ауылының мектебіне немесе балабақшасына пайдалы бір заттарды сатып аламын.

Және Батырғали Әмриевты сотқа бердім қарызы үшін - 125 тонна пияз. Бұл қарызды Баташ мойындап отырса да бермей отыр, жыл сайын өтірік сылтау айтып жүріп. Бұл дихан қарызын бермес үшін Геройханға жаз бойы көмектесіп жүрді. Бұл соттың бірінші инстанциясы маған тиімді емес аяқталды, себебі мен бір қателікті жасадым. Бірақ мен екінші инстанцияға берем, қателігімді түзетіп.

Әр қазақ, тіпті өзіндік ұлтшыл ретінде санайтын, өз істеріне, сөздеріне ие болып жауапкершіліктен қашпау керек.»


Ал, Геройхан Қыстаубаев бірнеше күн бұрын өзін Мұхтар Тайжанның сотқа бергенін жазып, арыздың суреттерін жариялаған еді. Қыстаубаев жазбасында «арызыңды қайтарып ал, көрегенділігің болсын» деген мазмұн бар:


«STOP Тайжан!

Мұхтар, әлеуметтік желі, газет-журналдар арқылы сен өзіңді мықты ұылтшыл азамат ретінде елге пиарит еттің. Сонда мықты ұылтшыл өз ұлтының қарапайым дихандары - ауыл адамдарын: "Маңдай тер, адал еңбегімізді жеп кетті" деп, зар еңіретіп қоя ма? Ара ағайын болып, мәмлеге, Билер алқасына шақырған журналистті әлеуметтік желіде "жерден алып, жерге сала ма"? Мықты ұлтшыл сол дихандардың, журналистің үстінен сотқа арыз жаза ма? Арызқой бола ма?
Сен неге Батырғали Әміриевтің, менің үстімнен сотқа арыз жаздың? Мықты болсаң, жерді сатқан, шет елдіктерге жалға берген шенеуніктерді неге сотқа тартпадың? Олардан қорқасың ба? Мысалы, кезінде Жасарал Куанышалин мен Серік Сапарғали Президент - Нұрсұлтан Назарбаевтың өзін сотқа берді! Міне ел осыларды мықты ұлтшылдар, батырлар деп таниды. Құрметтейді! Ал сен өмір бойы кетпен көтеріп жүрген шаруа-дихандар мен ұлтының мұңын ғана жазып жүрген журналисті соттатып, мықты болып көрінгің келеді. Ұялмайсың ба? Содан кейін кім сені құрметтемек? Осыған ақылың жетпей ме?

Мұхтар, мұндай абыройсыз тірлікке тіпті, ұрылар деп жүрген бірде-бір шенеунік барған жоқ! Сонда, ұлтшылмын, қоғам қайраткерімін деп жүрген, сен қалай барып отырсың? Елге, жастарға қандай үлгі көрсетіп кетпексің? Сенен үлгі алған ертеңгі "ұлтшыл" жастар бір-бірін бітпейтін сотқа сүйреп жүрмей ме? Бұл "ұлық болсаң - кішік бол" деген емес, ұлық болсаң, әлің келгенді жаншы, тапта дегенің емес пе? Бұл сенің ата дәстүріміздің тамырына балта шапқаның емес пе?
Сондықтан, жазған арыздарыңды кері қайтарып ал. Дихандардан кешірім сұра. Болды. Осы болады бар даудың шешімі мен сенің көргенділігің», - деген еді.

Қатысты Мақалалар