Қазақстанда құқыққорғау органдары педофилді ұстады. «Тимур аға» есімді педофил бір жыл бойы 8 жасар қызға телефон арқылы сексуалды негіздегі әңгімелер айтқан деп хабарлайды newsru.com. Күдікті 55 жаста. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.
8 жасар қыздың анасы Елена Г, ұсталған ер адам өзінің көршісі, бұрыңғы полиция қызметкері екенін айтты. «Ол екінші қабатта тұрады. Зейнетке шыққан. Бірақ, бір жерде жұмыс істейтін көрінеді. Оның әйелі, үлкен балалары бар. Кеше онымен полицияда кездестім. Ол әрине өз кінәсін мойындамай отыр» дейді ол.
Жақын уақытта фоноскопиялық сараптама дайын болады екен. Десек те, полиция онсыз да ер адамның кінәсін айқғақтайтын дәлелдер көп екенін айтады.
Өзін «Тимур аға» деп атап кеткен педофил бір жылдан аса 8 жасар қызды қоңырауларымен мазасын алған. Ол телефон арқылы өзінің жыныстық қарым-қатынастағы өмірі туралы егжей-тегжейлі айтып, өзінің эротикалық қиялымен бөліскен. Анасының айтуынша оның бұл әрекеттері бір жылға созылған. Анасының жұмыстан шығуына тура келген. Ол баласын жалғыз өзі асырайды.
Педофил 2015 жылдың қазан айынан бастап қызға қоңырау шала бастаған. Түннің ортасында оның телефон қоңыраулары қыздың ұйқысын бұзған. Қыз телефонды көтергенде ер адамның даусы оның денесін қалайтынын айтып, телефонды қоя салады екен.
«Бейтаныс ер адам ұятсыз сөздерді айтудан еш қымсынбайтын. Менің жүйкем әбден жұқарды. Ол тек түнде ғана емес, таң ертеңде қоңырау шалатын болды. Мен оны полициямен де қорқыттым. Алайда, одан кейін ол жиіркенішті әрекетін тоқтатпады».
Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. «Тимур ағаны» ұстау үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды.