Батыс Қазақстан облысындағы Казаталовский ауданындағы «Ауыл айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жұмағалиев тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай берліген медальдан бас тартқан деп хабарлайды sn.kz.
Серік Жұмағалиевтің айтуынша ол өзінің адами сенімдеріне қатысты бас тартқан.
«Мен оны жаман марапат деп отырғаным жоқ. Біз адами құндылықтарды ұмытып кеткен сияқтымыз. Мен үшін рухани құндылық барлығынан жоғары тұратындықтан мен бас тарттым» дейді Жұмағалиев.
Редактордың айтуынша қазіргі қоғамда сыйластық пен абырой ұмыт қалды. Мемлекеттік марапаттар өзінің мәнін жоғалтып алды. Медальді барлығына таратып жатыр деген ойда.
«Мен ешкімді сөкпеймін. Біз газетімізде марапатталғандарды құттықтап жаздық та. Өз басым одан бас тарттым».