Привольный ауылының тұрғындары Горбачевті қаһарман деп есептейді

/uploads/thumbnail/20170709191539248_small.jpg

Қалың қарға көмілген Привольный ауылы әдемі орталықтан алыста орналасқан. Бірақ бұл елді мекен Кеңес Үкіметінің соңғы көшбасшысы Михайл Горбачевтің туған жері.

Кеңес үкіметі құлағанына 20 жылдан астам уақыт өтсе де халық әлі күнге дейін оны қызу талқылайды.

«Қайда баратынымызды естігенде такси жүргізушісі «Сол адамды дүниеге әкелген ауылға ұят» деді ол. Басқа ресейліктер секілді Андрей де Михаил Горбачевті Кеңес Үкіметінің құлауына себепкер болған адам деп есептейді».

Ал Привольный ауылында әлі күнге дейін Горбачевті мақтан тұтады. Ал Батыста оны қан төгісті болдырмай қырғи-қабақ соғысты тоқтатты деген ойда. Сол үшін Горбачевті құрметтейді.

Раиса Копейкина ауласының қарын тазалап жатқан уақытта онымен таныстым. Оның үйі Михаил Горбачев барған мектептің көшесінде орналасқан. Горбачев Коммунистік партияның ең жоғары шыңына жеткенде Раиса химия пәнінің мұғалімі еді.

«Ол қарапайым бала болды. Біздің көз алдымызда ауыл баласынан бас хатшы дәрежесіне дейін көтерілді» дейді Раиса бала кездегі фото суреттерді ақтара отыра.

«Міне осындай ақылды бала болды. Онымен бірге жұмыс істегенімізді мақтан тұтамыз» дейді ол.

1991 жылы 25 желтоқсанда бұрыңғы сыныптасы телеарна арқылы отставка туралы айтқанын көргенде қалай қобалжығанын айтып берді. Келесі күні КСРО ресми түрде өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Горбачев өзінің мәлімдемесінде тоталитарлық жүйе тоқтатылды, қоғам бостандық алды деген болатын.

Жақында қайта қалпына келтірілген Лениннің ескерткіші мәдениет сарайының алдында тұр. Бірақ оның жанында православиялық шіркеу бар. Атеистік мемлекеттің басшысы шіркеу құрылысын жартылай қаржыландырған.

Шіркеудің старостасы Виктор Кудрин барлығы өзгеріп кеткенін айта отыра «Мен құпия түрде шоқындырылғанмын. Ешкім білмеуі үшін» деп еске алды.

«Шіркеуде отыратын адам жоқ. Себебі көрші ауылда шіркеу ашылды. Ғибадатханалар көптеп ашылуда. Себебі сұраныс бар. Ал шіркеу басшыларын тез табу қиын. Сондықтан осылай бірнеше жерде жүресің».

Виктор Кудриннің айтуынша Михаил Горбачев жергілікті шіркеуді өзінің қамқорлығына алған. Қазір адамдар жасырынбай-ақ ғибадатханаға бара алатынына қуанышты.

Ауыл тұрғындарының бірі алғаш рет американдықтың Библияны алып келгенін еске алды. Жергілікті халық Горбачев бастап кеткен экономикалық реформаларды жоғары бағалайды. Себебі соның арқасында шаруашылығы өрге жүзді деп есептейді.

КСРО –ның құлауы туралы әңгіме қозғалса, Привольный ауылының өзінде халық әртүрлі пікір айтады.

«Әрине Михаил Горбачев ауыл үшін көп пайдалы істер жасады. Ал Кеңес Үкіметі құлағанына ренжуліміз» дейді олар.

Жақын маңда жергілікті халық арасында ең атақты адамның кішігірім мұражайы орналасқан. Ресейліктер ашық түрде «жоқ» деп айта алатын алғашқы ресейлік көшбасшы.

«Басқаша ойлау қылмыс болудан қалды» делінген тексте. Онда саяси тұтқындарды ақтау туралы да айтылда.

Михаил Горбачев жазған кітапты жергілікті халыққа оқып береді.  

 

Дерек көз: bbc.com

Қатысты Мақалалар