Солтүстік Кавказдың муфтиі Ресейдегі барлық әйелді сүндетке отырғызуға шақырды

/uploads/thumbnail/20170709191620982_small.jpg

Жақын арада «Қамшы» порталы Дағыстандағы әйелдердің сүндетке отырғызуы жайлы жариялаған болатын.  Ол материалда қыздардың деліткілерін кесіп, сүндетке отырғызатыны жайлы сөз қозғалған. Бұл дәстүр Цумадин, Ботлих, Цунтин, Бежтин аудандарындағы таулы аймақтарда әлі де кездесетін көрінеді. Қыздар үш жасқа дейін бұл отадан өту керек екен, сирек жағдайда 12 жасқа дейін. Мұндай ота түрі қыздар мен әйелдердің құқығына қол сұғушылық болып табылатыны жайлы  да айтылған болатын. Өйткені қыздарды сүндеттеу ауруханаларда емес, көбіне жасырын жасалатындықтан арты қабыну мен қансырауға ұласады. Алайда бұл тәжірибеден өткен қыздардың психикасында ауыр із қалғаны жайлы, стресске шалдыққаны жайлы мақаламызда айтылады. Осы тақырып бойынша пікір білдірген Солтүстік Кавказдағы мұсылмандардың үйлестіру орталығының басшысы Исмаил Бердиев Ресейдегі барлық әйелді сүндетке отырғызуға үндеді.

«Әлемде жезөкшелік, ойнас болмауы үшін барлық әйелді сүндетке отырғызу керек», – деп мәлімдеді муфти «Интерфакске» берген сұхбатында. Ол Дағыстанның кейбір аймақтарында бұл дәстүр сақталғанын айтты. Оған қоса, Бердиевтің сөзінше, Ислам қыздарды сүндетке отырғызуды жақтамайды, алайда әйелдердің сексуалдығын төмендету керек екен.  – Егер бұл барлық әйелдерге қолданылғанда тіпті керемет болар еді. Құдай әйелдерді бала тууға және оларды тәрбиелеу үшін жаратты. Ал, сүндеттелудің оған ешқандай қатысы жоқ. Әйелдер бұдан бала тууын тоқтатпайды. Ал, керісінше бұзылғандылық азаятын еді», – деп муфти сөзін қорытындылады.

 

Қатысты Мақалалар