Түркия мен Ресей бітімгершілік жоспарын жасады. Ол Сириядағы шиеленісті жасағандарға ұсынылады. «Анадолы» агенттігі хабарлағандай, Алеппоның шығыс аймағында бітімге келгеннен кейін Сирияның барлық аймағында келесімге келу жұмыстары жүргізілмек. Ресей-Түркия келісімі Сирияда соғыс өртін өршітіп отырғандарға ұсынылады.
Келісім оппозициялық топтар мен Асадтың режимін қолдайтындардың арасындағы ұрыс жүргізіліп жатқан барлық аймаққа таралады.
Түркия мен Мәскеудің келісімі аясында текетіресті 29 желтоқсан сағат 00:00 дейін тоқтатуды ұсынбақ.
Бітімге келу туралы келісімнің лаңкестік ұйымдарға еш қатысы жоқ. Ол сәтті аяқталса, Түркия мен Ресейдің қолдауымен Астанада Сириядағы шиеленісті саяси тұрғыда реттеу туралы талқылауды бастайды.
Түркия мен Ресей реттеуге қатысты кепіл болып табылады. Келісім БҰҰ Бас Ассамблеясындағы №2254 Сирия бойынша қарарда қарастырылған саяси процессті алға жылжытуға бағытталған.
2016 жылдың қараша айында Түркия президенті Режеп Эрдоған мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен. Онда шығыс Алепподағы шиеленісті жағдайды шешуге жол іздеп, Сириядағы азаматтық соғыс мәселесін талқылады.
Түрік қарулы күштері Сирияға кірген Евфрат қалқаны қозғалысы (Fırat Kalkanı Harekatı) аясында, Әл-Баб аймағында жүргізілген операцияда Түрік әскерлеріне қарсы шабуылдар жасалған. Сондықтан да Путин мен Ердоған тізе қосып әрекет етіп, Алепподағы тұрғындардың тағдырына зардап келтірмей тыныштық орнату мәселесі туралы сөйлескен еді.
Сирияда соғыс өртінің тұтануы
Естеріңізге сала кетейік Сириядағы соғыс 2011 жылдың көктемінде басталды. Соғыс өртін қазіргі Сирия президенті Башар Асадтың жақтастары тұтатты. Сирия оппозициясы 1962 жылдан бастап ел басқарып отырған Башар Асадты отставкаға кетуін талап етіп, елде демократия орнатуды сұрады.
«Ислам мемлекеті» мен террористердің Сирия мен Иракты басып алуын желеу етіп АҚШ әскері 2014 жылы қыркүйек айында Сирия үкіметінің рұқсатынсыз «Ислам мемлекетін» әуеден атқылай бастайды.
Сирияда осындай операцияны ресейдің әуе күштері де жасаған. РФ қорғаныс министрлігі Сирия президенті Башар Асадқа қолдау білдірді. Ресей қыркүйек айынан бастап Сириядағы оппозициялық қарулы жасақ пен «Ислам мемлекеті» содырларына әуеден шабуыл жасап келген.
Ресейлік әуе күштерінің осындай шабуылға аттанып бара жатқан уақытында Түркияның әскери ұшақтары «шекараны бұзғаны үшін» ұшқұшсыз басқарылатын аппаратты атып түсірген. Ресей қорғаныс министрлігі «Су-24» әскери ұшағы Түркияның шекарасына жақын Сирия аумағында құлағанын және оны жерден атып түсіргенін растады. Ал Түркияның қорғаныс министрлігі «Су-24» ұшағына 5 минутта 10 рет ескерту жасаған хабарлаған.
Осы оқиғадан кейін екі елдің қарым-қатынасы күрт нашарлап кеткен болатын.
Сириядағы босқындар
5 жылға жалғасып жатқан соғыстың салдарынан Сирия халқы қиын жағдайға тап болды. Үзіліссіз бомбалау мен лаңкестердің әрекетінен қажыған халық шет елге көше бастады. БҰҰ мәліметінше 2015 жылы 65,5 миллион адам босқын атанған. Қазір олардың саны 5 миллионға өсті. Яғни әр 113 адам босқын. Олардың тең жартысы Сирия, Ауғанстан және Сомалидан екен.
Сирия балалары әлемдегі ең нашар жағдайда тұрады. Соңғы жылдары 3000 мектеп қиратылды. 50% астам бала білім алуға мүмкіндігі жоқ. 3 миллионнан астам бала әлеуметтік көмекке зәру. Оның 1 миллионанна астамы үнемі атыс пен бомбалау жағдайында тұрады. Сондықтан көмекті де ала алмайды.
Өткен жылы 35 мыңға жуық босқын Еуропаға құрылықпен келсе, миллионға жуық сириялық теңіз арқылы қоныс аударған.
Эрдоғанның әйелі Эмине Эрдоғанның шет елдің бірінші ханшайымдарына жазған хаты
«Біз Сириядағы трагедияға қатысты көз жасымызды төгуден де көп іс жасауға міндеттейтін заманда өмір сүреміз. Әлемнің барлық әйелдерін, Сириядағы қиын жағдайда қалғандарға, аштықта өмір сүріп жатқан әйелдер мен балаларға көмектесуге шақырамын» деп жазады Эмине Эрдоған.
Түркия президентінің әйелі Сирияда бейбіт тұрғындарының көзінше барлық халықтың гуманитарлы трагедиясы жалғасып жатқанын айтты.
«Сирияда 600 мыңнан астам адам көз жұмды. 7 миллионнан астам адам өз үйінен тастап кетсе, 5 миллионы туған жерін тастауға мәжбүр болған. Ұрыс кезінде тіпті химиялық қару қолданылған. Соның нәтижесінде әйелдер мен балалар дүние салды. Біздің жүректеріміз мұндай ауырлықты көтере алмайтын дәрежеге жетті. Әлемдік ұйымдардың үнсіздігі Босния, Руанда мен Герцеговиндегі қылмысқа алып келді. Ол адамзат тарихында қара дақ болып қалды.
«Ана, әйел және адам ретінде айналада болып жатқан оқиғалардың шиеленіскенін сезінгендеріңізді қалаймын».
Сонымен қатар Эмине Эрдоған Түркияда 3 миллион сириялық бар екенін хабарлады. Алеппо ауданында болған апатқа Түркия бейжай қарамады. Түркиямен серіктестік негізінде мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілгенін де атап өтті.
«Туған үйлеріне оралғаннан кейін сириялықтар Түркияның құрметті қонағы болады. 2017 жыл барлық адамзатқа бейбітшілік пен бақыт алып келетініне сенемін» делінген жолдауда.
Әзірлеген: Әсем Әлмұханбет