2 жыл бұрын 10 жылға қамалған 69 жастағы Жаклин Саважды(Jacqueline Sauvage) босату кампаниясы ақпан айында басталған еді.
Францияда 47 жыл жұбайлық ғұмырында өзінде зорлық-зомбылық көрсеткен күйеуін өлтірген Жаклин Саважға Франция президенті Франсуа Олланд кешірім жасады. Бұл туралы BBC-дің түрік қызметі жазды.
Саваждың күйеуі Ноберт Марот әйелімен қатар балаларына да зорлық көрсеткен. Үш қызының екеуін бірдей зорлаған. Ол ұрып-соққаннан кейін күйеуі асылып өлген.
Францияда толқу туғызған осы қылмысқа байланысты президент Франсуа Олланд ақпан айында Сабажға ішінара рақымшылық жасаған болатын.
Олландтың толықтай кешірімімен Жаклин Саваж кеше бостандыққа шықты. Олланд Twitter хабарламасында «Жаклин Сабаждың қалған жазасы үшін кешірім жасаймын. Бұл рақымшылықпен қамаудан дереу босатылады» деп жазды.
Соңынан Елисей сарайынан жасалған мәлімдемеде Олланд «Әйелдің орны түрме емес, отбасында болуға тиіс деп ойлаймын» деген.
Президенттің бұл шешімі Сабажды босату үшін кампания бастатқан топтар аясында сүйінішпен қабылданды. Айта кетсек, Сабаж ұлы асылып қалған күннің ертесінде күйеуін тапаншамен атып өлтірген. Ал, оны босату кампаниясын қолдағандар саны ішінде депутаттармен қоса 430 мың адамды құраған. Кампанияны қолдаушы ретінде Президен Олланд Сабаждың үш қызымен кезіккеннен кейін шартсыз түрде аналарының бостандыққа шығуын қамтамасыз етті.
Айта кетсек, Ноберт Мароттан 47 жыл зәбір көрген әйел 4 рет ауыр жағдайда ауруханаға түскен.
2012 жылдың 9 қыркүйегінде ұлы өзін асып өлтірді.
2012 жылдың 10 қыркүйегінде күйеуін ту сыртынан үш оқ атып өлтірді.
2014 жылы қазан айында «қастықсыз адам өлтіруден» 10 жыл түрмеге кесілді.
2015 желтоқсан Апелляциялық сот шешімін күшінде қалдырды.
2016 қаңтар президент Олланд Саваждың қыздарымен кездесіп, құқықтық орындардан Саважды мерзімінен бұрын босатуды өтінді. Конституциялық құқын пайдаланып, ішінара рақымшылық жасады. Дегенмен сот Саваж «жасаған қылмысына кешірім сұрамағаны» үшін Саважды толықтай босатпады.
2016 жыл, 28 желтоқсан, Саваж президенттің рақымшылығымен толықтай босап шықты.
Пікір қалдыру