Ауғанстанда күйеуінсіз дүкен аралауға шыққан әйелдің басын шауып алды

/uploads/thumbnail/20170709191723675_small.jpg

Ауғанстанда бір әйелдің күйеуінсіз азық-түлік дүкенін аралағаны үшін басын шауып алды деп хабарлайды nur.kz

Бұл оқиға әлі күнге дейін басым бөлігі «Талибанның» қарамағында тұрған Сари-Пуль аймағында орын алған.

Күйеуі бірнеше күн бұрын шет елге кеткен екен, сол кезде әйелі ауылдық базарға азық-түлік сатып алу үшін шыққан. Алайда, жолда бір топ қаруланған жігіттердің қолына түсіп, көп ұзамай өлтірілген.

Ауыл губернаторының айтуынша, әйелді «Талибандағы» қоғам арасына күйеуінсіз жалғыз шығуға болмайды деген заңын бұзғаны үшін жауынгерлер өлтірген. Алайда, бұл іске қатысы барлар өз кінәларын мойындамай отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар